«Қуаныш» базары Түркістандағы ірі сауда орталықтарының бірі. Мұнда 3000 жеке кәсіпкер күнделікті сауда-саттық жасайды. Олардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлігін жүргізу үшін патенті бар. Ендігі мақсат: оларға кассалық аппарат алу керектігін түсіндіру.Фискалды чек беретін құрылғының бірнеше пайдасы бар. Біріншіден сапасыз тауарды алғаныңды дәлелдеп ақшаны кері қайтаруға мүмкіндік береді. Қазынаға түсетін қаржы молаяды. Және заңсыз жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің жұмысын заңдастырады. Ашық есік күнінде осы мәселелер насихатталды. Алайда, кейбір сатушылар кассалық аппаратты алуға келіспейтіндігін де білдіріп жатты.
«Мен нан сатам, талқан сатам. Үстіне қосатыным 5 теңге. Маған бұндай кассалық аппарат алған тиімсіз. Оны алатын ақшам жоқ менің» беремін дейді жеке кәсіпкер Абай Құнанбайұлы. Ал, жеке кәсіпкер Жеңіскүл Қалымбетова болса, «Мен мынадай ұсақ түйек заттарымды кейде қарызға берем, бізден саудаласып бағасын түсіріп алады. Сонда мен қалай салам кассалық аппаратқа? Олар мені күтіп тұрмайды кассалық аппаратқа салып алсын деп. Бізде конкуренция , басқаға кетіп қалады. Сол үшін мен арзан сатып, бағасын түсіріп беруім керек» - дейді.
Осы шарада базардағы сатушыларға фискалды чек беретін құрылғылардың бірнеше түрі көрсетілді. Тіпті чекті мобильді қосымша арқылы да беретін мүмкіндігі бар екен. Салықшылар түсіндірме жұмыстарын жыл соңына дейін жалғастыра беретінін айтты. Келер жылдан бастап кассалық аппараттары болмаған кәсіпкерлер айыппұл төлеуі мүмкін.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»