Понедельник, 11 Ноябрь 2019 06:23

Түркістан қаласында еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге байланысты жиын өтеді

2019 жылғы 12 қарашада Түркістан облысындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктілігін көтеру мақсатында семинар-тренинг өткізілмек. Оны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырып отыр. 

Семинардың өткізілетін орны ретінде Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасының мәжіліс залы белгіленген. Басталуы – сағат 9.00-де. Іс шараның мақсаты –  еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру, қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру болып табылады.

Семинар-тренингтің жұмысына ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Арман Қуанышбаев, белгілі дінтанушы Мұқан Исахан, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді қатысады. Діни сауаттылықты арттыруда аталмыш басқосудың тигізер пайдасы зор болмақ.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 725 times