Суббота, 09 Ноябрь 2019 14:55

Отырарлықтар Түркістанды көгалдандыруға өз үлестерін қосуда

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен былтыр облыс орталығы болған Түркістанды түлетіп, гүл жайнаған абат баққа айналдыру басты мақсат болуда. Осыған байланысты облыс әкімдігінің бастамасымен Түркістанда «Жасыл белдеу» қалыптастыру жете мән беріліп, жиі -жиі өткізіліп келе жатқан сенбілікке облыс көлеміндегі аудан, қалалардың халқы да ерікті еңбек мерекесіне белсене атсалысып келеді.

Мұндай тәрбиелік маңызы зор істе көршілес Отырар ауданының халқы да қызу атсалысуда. Таяуда отырарлықтар өздеріне тиесілі 9-сектор аумағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қаланы көгалдандыру мақсатында көшеттер отырғызды. Аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеевтің басшылығымен түркістандық ағайындарға өздерінің ұйымшылдықтарын көрсетті.

Түркістандағы Астана жолы көшесімен қиылысқан Құрбан ата, Ж. Баласағұн, М. Жалил, Ө. Тілепов, Ғ. Мұратбаев, Әйтеке би, Сыпыра жырау, Асан қайғы көшелерінің бойларын жаңадан көшеттер отырғызып, біршама маңызды жұмыстар атқарды. Аудан көлеміндегі мекемелерден барған 200 жуық отырарлықтар сөйтіп облыс орталығының шын мәнінде де рухани астана деген абыройлы атына сай болуына өздерінің сүбелі үлестерін қосты.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 318 times