Аталған шара аясында киелі Отырар ауданына табан тіреген мәртебелі меймандарды аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов жылы жүзбен қарсы алды. Жетісу жерінен келген құрметті қонақтар алдымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне бас сұғып, қазыналы өлкеміздің өткен тарихынан мол мағұлмат алып, құнды жәдігерлермен етене танысты.
Музей алдында естелік суретке түскен жетісулықтар бабтардың бабы Арыстанбаб бабамыздың кесенесіне зиярат жасап, баба әруағына құран бағыштады. Керуен сапарларын одан әрі жалғастыру үшін облыс орталығы Түркістан қаласына аттанып кетті.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»