Осыған орай Отырар ауданы Көксарай ауыл округінде және Қоғам ауыл округіне қарасты Мыңшұқыр елдімекенінде мүгедектігі бар балаларға арналған үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелері ашылды. Аталған шараға аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов, аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов қатысты. Аудан әкімі жаңадан ашылған әлеуметтік бөлмелердің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, көпшілікке ізгі тілегін білдірді. Жаңа нысандардың тыныс - тіршілігімен танысқан аудан басшысы үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығының тез түзеліп, оңалуына тілектестігін білдірді.
Мекеме ішінен ашылған дәл осындай шағын әлеуметтік бөлмелер бұрын ауданымыздағы 7 ауыл округінде ашылған болса, бүгін оған тағы да екеуі қосылып отыр. Ашылған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелерінің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қарым-қатынас жасауға, өзін тең дәрежеде сезінуге үйрету болып табылады. Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»