Среда, 13 Ноябрь 2019 10:15

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры марапатталды

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаева "Мақтаарал ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-ның директоры Әділ Джумадиллаевты алғыс хатпен марапаттады. 

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында басқарма басшысы әлеуметтік салада ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, облыстың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына өз үлесін қосып, атқарған игі істері үшін Ә.Джумадиллаевқа алғысын білдірді. "Алдағы уақытта да бар күш жігеріңіз бен мол тәжірибеңізді әлеуметтік сала бағытына жұмсайтыныңызға сенемін. Ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегіңізге табыс, өзіңізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін" - деді А.Темірбаева өз сөзінде.

Әлбетті, еңбектің дер кезінде еленгені жауапкершілігі ауыр салада білек сыбана еңбек етіп жүрген маман үшін үлкен қолдау әрі зор сенім екені анық.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 521 times