Жәрдемақыларды тағайындау және төлеу бойынша ауданда аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті төлеу үшін Бағдарламаға 2019 жылға Республикалық бюджеттен 3706258,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 200 млн теңге, ал ҚР ұлттық қорынан 1464898,0 тенге қаржы қаралаған. Аудан бойынша 2019 жылдың 9 айында ауыл және ауылдық округтерінен «Учаскелік комиссиялар» қорытындысы негізінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж болып өтініш берген 9400 отбасына 3073223,0 млн қаржы тағайындалып, төленді. Яғни жалпы 54138 адам қамтылған (осы отбасылардың ішінен шарттысы – 8866, шартсызы – 534 құраған). Оның ішінде көпбалалы отбасы саны – 2281 құрайды.
Ал 2019 жылдың 1-ші сәуірінен бастап АӘК өтініш берген отбасының айлық кірісі кедейілік шегінен асып кетуіне байланысты 842 отбасы тағайындалудан бас тартылды. «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, осы санаттағы аналарға біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни аудандағы 5207 анаға жергілікті бюджеттен 26 млн 613500 мың теңге қаражаты қарастырылып 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай төлем жасалынды.
Инво және әлеуметтік такси қызметін алуға 90 азаматтар өтініш беріп тіркеліп толығымен қызмет алуда. Кресло арба алуға мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан барлығы 68 өтініш тіркелген. Жергілікті бюджеттен қаржы қаралып 68 кресло арбалар алынып,59 мұқтаж азаматтарға кресло арба таратылып берілді. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 132 мүмкіндігі шектеулі баланың әрқайсына оқуға арналған құрал саймандар алуға айына 2 айлық есептік көрсеткіштен (5050 теңге) жәрдемақы төленуде. Аудандағы әлеуметтік салада кемшіліктерді болдырмау және алдын алу мақсатында бөлімнің жоспары құрылып, алдағы уақыттада тиісті жұмыстарды сапалы атқаруға, және халыққа қызмет ету жұмыстарын әрі жетілдіретін болады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»