Среда, 13 Ноябрь 2019 03:05

Түркістан облысы: Сарыағаш қаласында екі шағынауданға табиғи газ қосылды

Сарыағаш қаласындағы Телемұнара және Көктөбе шағынаудандарының аумағында орналасқан тұрғын үйлерді табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылдың шілде айында аяқталған болатын. 

Жүргізілген ішкі газ құбырлары табиғи газ жүйесіне қосылып, бүгінгі таңға 15 тұрғын үй «көгілдір отынға» қосылды. Енді қалған үйлерді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, екі шағынаудан аумағында бас-аяғы 359 тұрғын үй орналасқан екен. «Көгілдір отынға» қолы жетіп, күйелеш-күйелеш болып көмір жағудан біржола құтылып, тұрмыстық ахуалы жақсарған тұрғындардың қуаныштарында шек жоқ. Ел басқарып жүрген азаматтарға өз ризашылықтарын білдіре отырып, алғыстарын жаудырды. «Газ келді дегенше, жаз келді десейші» демекші, елді мекендерді газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын тауып келді. Жергілікті билік барлығын алдын ала жоспарлап қойғанын айтады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 407 times