Ауылшаруашылық саласы – экономиканың негізгі драйвері. Сондықтан мал басының сау болып, етті-сүтті бағыттағы кәсіпкерліктің дамуына ветеринар мамандардың үлесі орасан. Сондықтан Бәйдібек билігі ветеринар мамандарды оқытып, біліктіліктерін арттыруда көш бастап тұр. Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі үш бағыттағы мал дәрігерлік екпелермен жұмыс істеп отыр. Экзоотиялық ауруларға қарсы екпе егу ісі де қарқын алған. Екі мезгілден тұратын жұмыс мал басын түрлі жұқпалы аурулардан сақтайды. Ауданның барлық ауылдық округінде мал дәрілеу жұмыстары қарқынды жүргізілген.
Бәйдібек ауданы аумағында 66 мың ірі қара, 630 мың уақ мал мен 22 мыңдай жылқы бар. Оларды күтіп-баптау ісінде ауыл ішіндегі зертхананың да үлесі мол болып отыр. «Мал дәрігерлік саласында аудан бойынша 138 мал маманы, 53 105 ірі қара, 482 мың уақ мал және 258 бас түйе малдары арасында профилактикалық емдеу шараларын біз жылдың басынан бастап жүргізе бастаймыз. Бірінші кезекте неше бас мал санын анықтап, оны есепке алып, олардың ішінде жұқпалы аурумен ауыратын-ауырмайтынын анықтап аламыз» - дейдіБәйдібек ауданындық ветеринарлық қызмет коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Боранбай Тасшабаев.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»