Зәуре Мансурова – «Бастау бизнес» жобасының түлегі. Кәсіпкерлік палатасының көмегімен сүйікті ісі арқылы нанын тауып отыр. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 3 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, Атакенттен «Айдана» тігін цехын ашты. Қаражат есібінен 5 тігін машинасын сатып алған. «Мемлекет тарапынан 3миллион теңге алдым. Сонымен қоса ол несиеге жиһаз, бес түрлі тігін машиналарын алдым. Машиналарға керекті заттар, мәселен, материалдар жіптерін алдым.Не керек болса соның бәрін алдым. Клиенттерге жағдай жасап қойдық» - дейді ол.
Мемлекеттен қомақты қолдау көрген кәсіпкер тапсырыс көлемінің күн сайын артып отырғанын айтады. Алдағы уақытта шеберхананы кеңейтіп, өнім санын арттыруды жоспарлап отыр. Тігін цехында 5адам жұмыспен қамтылған. Барлығы жергілікті тұрғындар. Ауданда «Бастау бизнес» жобасы бойынша 28 кәсіпкер мемлекеттік қолдау тапқан. Ал, бизнес кеңесші көмегіне 38 азамат жүгініп, өз кәсібін дөңгелетуде. Сала мамандары іс бастауға ниет болса биліктен қолдау мол дейді.
Нәтижелі жұмыспен қамту 2017-2020жылдарға дейінгі еңбек бағдарламасы бойынша жұмыссыз немесе уақытша жұмыспен қамтылған азаматтар бізде оқып Бастау бизнес аясында өз білімін алады. Ары қарай өз кәсібін ашуға ниет білдіруге болады. Ол үшін Мырзакент кентінде халыққа қызмет көрсету орталығының жанында орналасқан кәсіпкерлер палатасына келіп өз өтінімін білдіру қажет.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»