Воскресенье, 10 Ноябрь 2019 19:21

Түркістан облысы: Түлкібаста атаулы әлеуметтік көмектің арқасында шаруашылыққа ден қойған әйелдер бар

Түлкібастық көпбалалы аналар мемлекет қолдауына иек артып, мал асырап жан бағуда. Әсіресе, өз арбасын өзі сүйрейтін еңбек адамдары үшін бұл - жақсы мүмкіндік. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 4 балалы аналар жыл соңына дейін миллион теңгеден астам қаржы алады. Бұл бағытта қазір жан-жақты жұмыс жүріп жатыр.

Президент тапсырмасымен сәуір айынан бастап, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын. Халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шаралардың шарапатын сезініп отырған бұқараның айтар алғысы шексіз. Қарапайым еңбек адамы үшін табыстың оңай келмесі анық, әсіресе нәзік жандылар үшін. Алты баланың анасы Индира Жаркиева қысы-жазы тынбайды. Іскер келіншек мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек қаржысына үй іргелік мал шаруашылығын бастап отыр. Ол мемлекет тарапынан берілген  778 мың теңгеге 2 сыйыр және 1 жылқы алған. Қазіргі таңда көп балы ананың айтуынша үй ағарғанға толып, балашағасынан артылғаның көрші-қоланға сатуда. Одан түскен қаржы балаларына мектепке қажетті керек-жарақ алуға жарап тұрдейді. «Үкіметке рахмет. Балаларымнын нәпахасын тауып жатырмыз Мал алдық. 2 сиыр және тай алдық» - дейді Түлкібас ауданының тұрғыны Индира Жаркиева.

Шұқырбұлақ ауылында тұратын Мунира Парманова да  атаулы әлеуметік көмек қаржысына мал шаруашылығын дамытып отырған. 5 баланының анасы мемлекет тарапынан 691 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізіп, оған 2 сауынды сыйыр алыты. Көп балалы ана мемлекет тарапынан берілген көмек, жанұямыздың материалдық жағдайының дұрысталуына үлкен серпіліс берді дейді. Алда ірі қара мал санын көбейтіп, шаруасын дамытуды көздеп отыр. Әлеуметтің әлеуетін әлдендірген жоба арқасында жыл соңына дейін тағы бірнеше көпбалалы ана қажетін түгендемек.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Read 325 times