Осыған орай, Түлкібас ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нұрбол Тұрашбеков бекітілген кестеге сәйкес Састөбе кентінде азаматтардың арыз – өтініштері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша көшпелі қоғамдық қабылдауын өткізді. Қоғамдық қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы, «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес төрағасы, Састөбе кентінің әкімі, тиісті дербес бөлім басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Қоғамдық қабылдауға келген жергілікті тұрғындар тарапынан кент орталығынан аудан орталығына қатынайтын автобус жүргізу мәселесі мен кент орталығында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында тағыда бір учаскелік полиция қызметкерінің болуына ықпал жасауын сұранды. Әр бір көтерілген мәселелер бойынша аудан басшысы тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін және өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»