Понедельник, 11 Ноябрь 2019 11:34

Түркістан облысы: Түлкібаста демалыс орындары көптеп салынып жатыр

90 жылдан аса тарихы бар қасиетті өлке Түлкібаста әлеуметтік мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді. Торқалы той қарсаңында аудан орталығында ерекше стелла мен рәміздер аллеясы бой көтеріп, аумағы толығымен абаттандырылды. 111 мыңнан аса халқы бар өңірде осындай ілікімді істер көп.

Түлкібастағы  Мичурин ауылдық округінің орталығында бой көтеріп жатқан стелланың 80 пайызы аяқталды. Құрылыс тамызда бастау алған. Ат шаптырым жерді алып жатқан аймақта көпшілік демалатын орындар мен  аяқжолдар төселуде. Бұл жерге ауданның брендтері саналатын алма мен жүзім жемістерінің мүсіні орналаспақ. «Жалпы биыл 2019 ж Мекен ауылдық округіне қарасты 5 көше жөнделіп асфальталған. Бірінші кезекте мектепке баратын көшелер жөнделген. Ауыл тұрғындарының алғысы шексіз» - дейді Мичурин ауылдық округі әкімінің орынбасары Төрехан Аяпбергенов.

Түлкібас кентінің орталығындағы «Рәміздер алаңының» ашылуы халыққа үлкен қуаныш сыйлап отыр. Себебі, айналасы толығымен аббаттандырылған. Сонымен қатар ақжаулықты аналарымызғада арнап «Аналар аллеясы» ашылған. Таза ауада серуендеуге барлық жағдайлар жасалынған.Табиғатты қорғау, аялау әрбір адамның міндеті. Үлкен-кіші оны әрдайым таза ұстап, құрмет тұтуы қажет. Бұл – өте маңызды іс. Әсіресе, мұны біздің жастарымыз терең сезінуі тиіс.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Read 620 times