Понедельник, 11 Ноябрь 2019 12:11

Түркістан облысы: Мақтааралдың мақташылары қыста да еңбек етеді

Бүгінгі таңда мақта стратегиялық дақылға жатпаса да оны өндіру ісі әлі де қарқын алып тұр. Әрине, шаруа үшін бұл дақылды өсіру оңай емес. Әйтсе де осы өнімнің арқасында мақталы аймақтың талай жұрты нәпақасын айырып, жыл он екі ай жұмыс атқаруда. Олай деуге себеп - мақташылар тек жаз маусысында ғана емес, қыс айларында да еңбек етеді.

Қазіргідей күз мезгілі  диқандар үшін ең берекелі кезең. Өйткені, бұл мерзім еңбектің жанып, үміттің ақталар шағы.  Алайда,    өнімдерін жинап алған шаруалар үшін дала жұмысы аяқталғынымен,   қырмандағы  қауырт іс әзірге толастамайды. Мәселен, Мақтаарал ауданындағы «Мақтаарал» ауыл округінде 4 бірдей мақта зауыты бар.  Ол әрине зауыт қожайындарына мол табыс әкелетіні анық. Алайда,  оның негізгі жұмыстары енді басталатындықтан, бұл жағдай жергілікті  тұрғындарға өте қолайлы. Өйткені, олар мұнда қыс бойы еңбек етеді.

Расын айту керек, осы мақтаның  арқасында бұл ауылдың тұрғындары  жұмыс іздеп алысқа сабылмайды.  Нәпақа тапқысы келетіндер қыс бойы осында жұмыс атқарып, көктемде кетпенін қайта қолға алады.  Еңбектің қадірін білгенге  бұл да берекелі іс екені анық.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 390 times