Среда, 20 Ноябрь 2019 17:50

Түркістан облысы: Сайрам ауданында оқушыларды кереғар ағымдардан сақтандырған жиын өтті

Бүгін Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауыл округіндегі №97 Сұраншы Батыр атындағы жалпы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына «Кереғар діни ағымдар бірлікке емес, бүлікке шақырады» тақырыбында кездесу болып өтті. Оған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның Сайрам ауданындағы дінтанушы-теолог маманы Ж.Битанов қатысты. 

Дінтанушы-теолог маман: «Қазір біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде жастар мен кәмилетке толмағандардың деструктивті діни ұйымдарға белсенді қатысуының үрейлі үрдісі байқалады. Жастардың санасын улау бағытындағы кітаптар, кітапшалар, ғаламтор сайттары мен әлеуметтік желілерде парақшалар көптеп ашылғандығы байқалуда. Деструктивті ағымдарда жүрген жастар өз халқының салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін жоққа шығарып, өздері тұратын қоғамнан шеттетілуде. Осы ретте жастар арасында тек дұрыс діни ақпараттарды жеткізумен шектелмей, үлкенге құрмет, білімге деген қызығушылық, қонақ қадірлеу, түрлі спорттық шаралар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуіміз керек» - деді. Сонымен бірге деструктивті діни ағымдардың зияны, олардың психологиялық портреті, қоғам арасында керіағар діни ағымдардың рөлі қалай, олардың белгілері, сөз және іс-әрекеттері жайында толыққанды мәлімет берілді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 576 times