Бүгінгі таңда, бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін 11 көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Ағымдағы жылы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 5 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылы мен Жұлдыз елді мекенін қосатын көпір; Сарыағаш ауданы, Ақжар елді мекеніндегі көпір; Шардара ауданы, Көксу ауылындағы көпір; Келес ауданы, Ошақты ауылындағы көпір; Кентау қаласы, Теке ауылындағы көпір.
Жоғарыда аталған 5 көпірдің 2-інде (Сарыағаш ауданы, Ақжар елді мекеніндегі, Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылы мен Жұлдыз елді мекенін қосатын) жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған 3 көпірдің жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған. Алдағы уақытта көпірлерді жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»