Тұрғындар аталмыш мекеменің құрылу тарихымен, даму кезеңдерімен, нарықтағы жұмыс тәжірибесімен және ондағы бос жұмыс орындарымен жан-жақты танысты. Атап өтер жайт, бұл кәсіпорынға 20-35 жас аралығындағы кез келген азамат жұмысқа орналаса алады. Ешқандай жоғары білімді қажет етпейді. Жұмысшыларды тасымалдау үшін Киелітас, Бірінші Мамыр, Ленгір бағытында арнайы автобус жүргізілетін болады. Cонымен қатар төмендегідей бос жұмыс орындары бар:Тоқыма цехына – жабдық операторлары;Жіп цехына – оператордың көмекшілері;Өңдеу цехына оператордың көмекшілері қажет.
Толық ақпаратты Төлеби аудандық халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе 8(72547)92-14-44 сымтетігі арқылы ала аласыз.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.