Ол үшін облыс бюджетінен қаржы да қаралыпты. «Алайда қаражат жобалау жұмыстарынан артылмаған» - дейді билік өкілдері.
Бұл жөнінде Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Азат Оралбаев: «Бірінші кезең бітті. Екінші кезеңмен электр жарығына байланысты мәселе шешіледі. Бірінші кезеңге 780 млн. теңге бөлінді. 13 массивке электр бағаналарын ауыстырып мәселе шешілді. Негізі 88 массив бар» - деп отыр.
Ал Шұбарсудағы жол, ауыз су мәселелері бүгін-ертең шешілмейтін түрі бар. Билік өкілдері мұны «Қазір осы мақсаттарға қаржы қарастырудамыз» - деп сендірді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.