«Менің кәсібім» жобасына қолында кәсібін бастауға қаражаты, ісін кеңейтуге құрал-сайманы жоқ азаматтар қатыса алады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған. Жоба авторы - Айжани Нұрланова.Бұл жобаның басты ерекшелігі ешқандай құжаттар сұралынбайды. Яғни анықтамалар, бұл жоба несиесіз, шартсыз, ешқандай қайтарымсыз кепілдікке ешқандай заттың қажеті жоқ. Тек сол істі алып кетуге жауапкершілік болса болды.Қазіргі таңда жоба негізінде облыста 70-ке жуық отбасы қамтылып үлгерді.
Көмек алып, өтініш білдіргендердің бірі - Түркістан Жоғарғы Медицина колледжінің 4 курс студенті Абдулла Суннатуллаев. Мамандығы - фельдшер. Жас кәсіпкер массаж жасауға қажетті құралдар алды. Енді үйінен кішігірім орталық ашуды жоспарлап отыр.Бұдан бөлек, 8 баланың анасына тәтті нан пісіретін пеш пен ас мәсіріне қажетті құралдар табысталды. Бала шағасымен жабылып түрлі тәттілер пісіріп, нәпақасын тауып отырған отбасы үшін бұл қосымша көмек болды. Айта кетейік, «Менің кәсібім» жобасы көпбалалы отбасыларға шағын кәсіп ашып, үйде отырып-ақ көлденең табыс табуға мол мүмкіндік беріп жатыр.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»