Арайлым Жайынбаева-көпбалалы ана. Өздерінің баспанасы жоқтан пәтер жалдап күн кешіп келеді. Алайда пәтер иесі жалдау құнын күрт көтеріп жіберген. Одан қалса, әлеуметтік жәрдемақыны да енді алмайтын секілді. Себебі алғашқы алған қаржыға көмір түсіріп, балаларына қыстық киімдер әперіпті. Ал, әлеуметтік сала қызметкерлері, берілген қаржыға мал алуларың керек деп талап қойыпты. Сондай-ақ, Бектас ата әлеуметтің мәселесін арқалап келіпті. Ы.Алтынсарин көшесінің тұрғындарын ауыз су мәселесі мазалайды. Одан қалса, кәріз жүйелері жүргізілгенін қалайды. Одан да маңызды мәселе бар. Ол-көгілдір отын. Газ кіргіземіз,-деген қуаныштары бүгінде су сепкендей болып тұр.
Мәслихат хатшысы Арайлымның жағдайымен танысып шығатын болды. Баспана кезегінің жылжып, пәтер алуын бақылауда ұстайтынын жеткізді. Ауыз су мен кәріз және газ мәселелерінің орындалуын мәслихатта қарауға уәде берді. «Жиі қабылдау өткізіп тұрам. Осы қарашаның ішінде тағы қабылдау өткізем. Бүгін келген 8 кісінің арыз-шағымы менің бақылауымда болады. Сол мәселелер шешілгенше мен бақылауға алып, оларға жазбаша жауап беріп отырамын» - дейдә Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»