Среда, 13 Ноябрь 2019 08:36

Түркістан: облыс орталығын абаттандыру үшін 2 млрд теңге қаралған

Түркістанды жасыл қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстар қарқын алды. Қазір, қаланы көгалдандыру ісі тек шаһар орталығында ғана емес шеткі аумақтарда да жүйелі жүргізіліп жатыр. Ол жұмысқа тек облыс орталығындағы жауапты мекемелер ғана емес, барлық салалық басқармалар мен аудан қала әкімдіктері жұмылдырылуда.

Мәселен, дәл қазір қаланың Қызылорда жақтан кірес берісінде «Сырдария - Түркістан» өңірлік паркі Боралдай бөлімінің мамандары көшет отырғызып жатыр. Боралдай бөлімшесі, биыл Түркістан қаласының аумағына 20 мың түп түрлі тал көшеттерін егуді жоспарлаған. Бір апта бұрын басталған іс бүгінде бел ортасынан ауыпты. Межелі міндетті орындау үшін 50 қызметкер уақытпен санаспай тер төгіп жатыр. Ал, ағаш көшеттері Отырар, Төлеби аудандарынан әкелінуде. Айта кетейік егіліп жатқан көшеттердің арасында сәндік талдар мен бірге жеміс ағаштары да бар.

 «4 қатардың бір қатары жабайы жеміс ағаштары. Сары өрік, алма, бадамша, ағаштары бар. осы жерде Қызылорда бағытындағы желге тосқауыл болу мақсатында өсіріліп жатқан белдеу» - дейді «Сырдария - Түркістан» өңірлік паркі Боралдай филиалының директоры Бақытжан Қырықбаев. Негізінде Түркістан қаласын көгалдандыру үшін биыл 148 мың түп көшет отырғызу жоспарланған. Ол үшін әр апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, егілген тал көшеттерін күтіп баптау жұмыстарына да көп көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта облыс орталығынан  арнайы мекеме құрылып жұмыс істеуде.

«Негізі ағаштар осы Түркістан облысына қатысты мынау Төлебиауданы мен көрші Қызылорда облысынан таңдалынып, осы Түркістан қаласының экологиялық жағдайына өседі деп егіп жатырмыз» - деді «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің техникалық жоспарлау бөлімінің басшысы Бағлан Бекболатұлы. Көне шаһарды жасыл желекпен көмкеріп, климаттық жағдайын реттеу үшін жасыл белдеу құру ісі қарқынды. Ол үшін мемлекет тарапынан да тиісті көңіл бөлініп жатыр. Қолда бар мәліметке қарағанда тек биылдың өзінде облыс орталығын абаттандыру үшін 2 млрд қаржы қаралыпты.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 385 times