Понедельник, 11 Ноябрь 2019 17:58

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында жұмыссыздық азайды

«Жұмыспен қамту» бағдарламасы Сарыағаш ауданындағы жұмысыз жүрген талай азаматтың өз бетінше кәсіп етуіне мүмкін берді. Биылдың өзінде 5 мың 900 азамат жұмыссыздық қамытынан құтылды. 

Мемлекеттік қолдаудың арқасында өздеріне тұрақты жұмыс тапты. Оның ішінде 360 адам қысқа мерзімді оқу курстарынан өтіп, 11түрлімамандықты игеріп шыққан. Оның ішінде көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі және пробация есебінде тұратын азаматтар да бар.

Мәселен, Сарыағаш қаласының тұрғыны Бабамұрат Қалдаров жасы 50-ден асқанда кәсіп үйренді. Кәсіби музыкант, мәдениет саласында қызмет істеген жігіт ағасы – қазір ағаш шебері. «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 3 ай қысқа мерзімді курсты оқып шықты. Бүгінде өз үйінен шеберхана ашып алған. Жұрттың сұранысына сай ағаш орындық, үстел, кереует секілді жиһаздар жасап береді.

Биыл Сарыағаш ауданында тағы 15 азамат Бабамұрат секілді кәсіп бастады.  Барлығы да қазір ісін дөңгеленіп отыр. Шаштаразболып жұмыс істегенБаян Ерубаева да кәсібін өзгертті. Визажист курсын тәмамдады. Көпбалалы ана бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде өзіне ыңғайлы жұмыс тапқанына қуанышты.

Жәрмеңкеге 51 мекеме өздеріне қажетті мамандар іздеп келген. Олар еңбек етуге талапты азаматтарға 251 бос жұмыс орнын ұсынды.

«Жұмыс берушілердің өтінішіне сәйкес, визажист,  маникюр, аспаз, кондитерсекілді замануи талаптарға сай мамандықтар қажет деп отыр.  Осы мамандарды екі жыл көлемінде оқытып, барша сұранысты орындадық.  Олар жұмыспен қамтылды, қалғаны жеке кәсіп ашты» - дейді Сарыағаш ауданы жұмыспен қамту орталығының басшысы Динара Динашева.

Көпбалалы және табысы аз отбасыларға Үкімет тарапынан қаржылай атаулы әлеуметтік көмектің  берілуі деолардың өз бетінше кәсіп етіп, табыс табуына сеп жасады. Сарыағашта жыл соңына дейін 7 мыңға тарта отбасыны жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік жоспар түзіліп отыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 373 times