Шаруақожалықтың төрағасы мәлімдегендей, мұнда мал союға барлық дайындықтар жасалынған. Бұл жерде мал дәрігері, екі қасап және лаборатория қызмет жасайды. Жалпы, 5 адам жұмыс істейді. Малды союға дейін анықтап, оның сау не ауру екенін тексеріп барып союға рұқсат беріледі. Сол кезде мал сою алаңына кіргізіледі.
Сонымен қатар, мал дәрігері әрбір келген малды тізімге алып, егесінінің аты-жөнін компьютерге енгізіп отырады. Бұл жоба қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отырғанын тілге тиек етті. Бекеттің ішінде арнайы сойылған малды сақтауға арналған тоңазытқыш бар. Тіпті мал сою алаңында, малдарын алдын ала әкеліп қоятын қора-жайға дейін жасалынған. Шаруақожалықтың айтуынша, 11 млн. теңгенің 5,5 млн. теңгесін мемлекет субсидияласа, қалғанын шаруашылықтың өзі өтеуі тиіс. Бұл мемлекеттің арнайы шаруаларды қолдауға арналған бағыты. Заманауи үлгідегі мал сою алаңы ірі қара малдарды есептегенде, күніне 30 шақты малды союға қауқарлы.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»