Вторник, 03 Декабрь 2019 10:01

Түркістан: жылыту маусымындағы қауіпсіздік төтеншеліктердің назарында

Қыс келіп, жылыту маусымы басталғанда Түркістан облысында келеңсіз оқиғалар тіркеліп жатады. Олар пеш құбырының дұрыс жұмыс істемеуінен орын алатын иісті газдан улану жағдаяттары. Төтенше жағдайлар қызметі осы жәйтке мұқият болуды ескертеді. Себебі салғырттық соңы адам өліміне әкеліп соғады.

Былтыр Түркістан облысында иісті газдан улану бойынша 17 оқиға орын алған. Салдарынан 23 адам қайтыс болды. Олардың дені пеш құбырын тазаламау және газ қондырғыларынан шығатын иістен уланғандар. Төтеншеліктер орны толмас өкінішке ұрынбау үшін жаздан бастап  түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Дегенмен жылыту маусымы басталғалы қайғылы оқиға орын алды. Сарыағаш ауданында 1 оқиға тіркеліп, салдарынан 2 адам көз жұмды.

Бүгінде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін газосигнализаторлар орнатылуда. «Биыл әкімдіктен 320 млн 715 мың теңгеге 34389 үйге газосигнализатыор орнатуға қаржы көзі қарастырылған болатын. Бүгінгі күнге 16 мыңнан астам үйге осы қондырғылар орнатылды» - дейді Түркістан облыстық ТЖД басқарма бастығы Бақытжан Запаров.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 470 times