Вторник, 03 Декабрь 2019 12:58

Түркістан: Мақтааралда құрылыс қарқын алған

Бүгінде Мақтаарал ауданындағы 69 елдімекеннің 30-ы толықтай көгілдір отынмен қамтылған. Барлық ауыл орталықтандырылған электр жүйесіне қосылған. Бұл жайында Аудандық тұрғын үй – коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Ғабит Полатов мәлімдеді. Жиынға «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы жетекшілік етті.

Аудандағы 24 елдімекен тәулік бойы таза ауызсумен қамтылған. Ал, 32 ауыл тіршілік көзін әлі кестемен тұтынады. Шапағат елдімекенінің су құбырлары толықтай жарамсыз.  Осы мақсатта облыс қазынасынан 8 аймақтың ауызсу жүйесін қалпына келтіру үшін қаржы қаралған.  «8 елді мекеннің екеуі Дихан мен Қоңырат ауыз су жүйелерін қайта ауыстыру бойынша Облыстық бюджеттен қаржылар бөлініп құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталды. Қалған 6 елді мекенге жұмыстар жүріп жатыр. Оған Облыстық бюджеттен 350миллион теңге қаржы бөлінген. Оған қоса 3 елді мекен Есентаев , Береке, Атаекнт кентінің ауыз су жүйелерін қайта құруға  жобалық сметалық құжаттамаға 7млн еңге бөлініп, Береке, Атакент бөлігіне жобалық сметалық құжаттамалар әзірленіп салалық басқармаға ұсынылды» - дейді Мақтарал аудандық тұрғын үй – коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары бөлімі басшысы Ғабит Полатов.

Биыл аудандағы 3 автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жүргізілуде. 50 ішкі көшелерге  орта жөндеу, 71-іне тас төсеу жұмыстары қарқын алған. Осы мақсатта бюджеттен 1 092,2 млн теңге бөлінген. «Трансформатор бойынша ендігі жылы 4 трасфарматор ауысады. Оның ішінде Бірлік, Еркінабат, Нұрлыбаев Мырзакент кенті Жаңа ауылда Жеңісте ауысады. СИП бойынша 2020жылы 5,4 километр замена бар. Ол Еңбекші ауылында болады. Кейін Атакент өңірі бойынша ендігі жылда 10киловат бойынша 3километр бар бізде Бірлік әкімшілікте, Құдайберген ауылында.  Ішкі киловат бойынша 4жарым метр ауысады Панфилов ауылында да ауысады» - деді «Оңтүстік жарық» ЖШС Мақтаарал аудандық электр жүйесінің бөлім басшысы Жантөре Арыстанұлы. Жиын соңында кездесуге келген бұқара бөлім басшыларына сауал жолдады. Аудандық мәслихат депутаты Берік Шәмпиев қоғамдық қабылдау өткізіп, халықтың мәселесін назарға алатынын жеткізді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 403 times