Вторник, 03 Декабрь 2019 14:16

Шардара ауданындағы 5 ауыл жыл соңына дейін көгілдір отынға қосылады

Түркістан облысындағы ең шалғай орналасқан Шардара ауданында елдімекендерді газдандыру ісі жүйелі жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде орталықтан жырақта жатқан 5 бірдей ауыл жыл соңына дейін көгілдір отынға қосылмақ. Осылайша шағалалы өңірде Жолдауда айтылған әлеуеметтің әлеуетін көтеру мәселесі оңды шешімін тауып отыр.

Аудан орталығынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан «Достық» елдімекенінің тұрғындары мәз-мейрам. Әсіресе ауыл келіндері от жағып, күл шығару машахатынан құтылғалы тұр. Өткен жылы мемлекет тарапынан бөлінген 180 млн теңгеге газ құбыры әр үйдің ауласына жеткізілген. Енді ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ауылдың бағына қарай ішкі жұмыстың бағасыда халыққа тиімді болып тұр –дейді тұрғындар.   «Каз Монтаж Ком» ЖШС –і көппен кеңесіп, жұмысты қыздырып тұр. «Біздің мекемеміз Шардара ауданы Ақ алтын, Достық, Қызылқұм, Егізқұм, Сүткент ауылдарына газдың ішікі жүйелерін кіргізіп жатырмыз.  Бүгінгі таңға дейін 70 пайызының құжаттары дайын. Монтаждау жұмыстарыда 70 пайыздан асқан» - дейді   «Каз Монтаж Ком» ЖШС бас директоры Даулет Исмайлов. 

«Достық» ауылында   500 ден астам түтін бар. Халық саны  3100  ге жуық. Мердігер мекеме көпбалалы отбасылар мен көмекке мұқтаж жанұяларға монтаж жұмыстарын тегін жүргізіп берген. Солардың бірі Қазиевтер отбасы.Төрт баласын жалғыз жетілдіріп отырған Зияданың   жомарттық танытқан жандарға алғысы шексіз. Шардара ауданындағы ең шалғай 5 ауылда  ішкі құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Барлығын жыл соңына дейін көгілдір отынға жалғау жоспарланған. Келер жылдан бастап ауылдағы ағайын өркениет жетістігін сезінетін болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 535 times