Вторник, 03 Декабрь 2019 14:31

Түркістан облысы: Леңгір қаласы жылу маусымына жақсы дайындалған

Төлеби ауданы Леңгір қаласындағы 13 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Жылу маусымы басталғалы бұқараның коммуналдық шаруашылық саласының мамандарына айтар алғысы шексіз. Таулы аймақ тұрғындарының жаурамасы үшін қызметкерлердің қам-қарекеті ширақ.

Қысы қатал, қары қалың түсетін таулы аймақтың жылу температурасы өзге өңірлерге қарағанда жоғары. Баруы – 75, қайтуы - 40 градус. Қазір «Төлеби су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары 3 қазандықты іске қосқан. «12 көпқабатты тұрғынүйді жылумен қамтып отырмыз. Пәтерлердегі жылу жұрттың көңілінен шығып жатыр» - дейді Төлеби аудандық «Су шаруашылығы» МКК  директоры Жасар Нысанбаев.

13 көпқабатты үйде 700-ге жуық пәтер бар. Қыс шанасын жазда-ақ сайлап алған сала мамандары жыл сайын мамыр айында сығымдау жұмыстарын жүргізеді. Құбырларды тазартып, жылу жүйелерін тексерістен өткізеді. Нәтижесінде жылыту маусымындағы жұмыстары еш қиындықсыз жүріп жатыр.Жылу тарату орталығы 2009 жылы іске қосылған. Қазандықтар мен құбырлар биыл толығымен жаңартылды.Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 3 млн. теңге қаржы қарастырылған.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Read 522 times