Халық банктің бөлімшесі заманауи сапа стандарттарына сай жабдықталған. Тәулік бойы жұмыс істейтін 3 банкомат орнатылған. Өзіне-өзі қызмет ету алаңымен заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін 3 кассалық орын бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да бар жағдай қарастырылған.
«Банк қызметін көрсететін жаңартылған орталық барлық заманауи сапа стандарттарына сәйкес келеді. Сапалы қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған. Барлық банктық операцияларды жасайды. Несие, карточка береміз. Бөлімшелерде 9 қызметкер жұмыс істейді. Бақылау-кассалық машиналар мен менеджерлерге арналған орын бар» – Халық банкі Түркістан облыстық филиалының директоры Артур Тасқарин.
Ал Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов: «Біз банкпен тығыз жұмыс істейміз. Ауданымызда зейнеткерлер бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасылардың бәрі осы банкке жүгінеді.Бұрын Қожанов көшесіндегі ғимаратта ұзын-сонар кезек болатын. Енді екінші ғимараттың ашылуы халыққа өте ыңғайлы, тиімді. Ғимараттың кеңдігіне, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайға қунып отырмыз» - дейді.
Мұнда тұтынушыға банк ұсынған барлық қызмет түрі қолжетімді. Орталықта бір айдың ішінде 10 мыңнан артық клиент кезкелген қаржылық операцияларды жүзеге асыра алады.
Айта кетейік, Түркістан облысында Halyk Bank-тің191 банкоматы мен 29 сату арнасы жұмыс істейді. Еліміздегі ең ірі әрі коммерциялық әмбебап банк Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Грузия, Ресейде де сенімді әрі сапалы қызмет көрсетеді. Қаржылық операцияларды 95 жылдан бері табысты жүзеге асырып келеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.