«Рухани құндылық-ұлт қуаты». Дін саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шара ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау болып отыр. Жиында имамдардың біліктілігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды.Имам деген ол қоғамда көштің алдында жүретін адам. Ол әрқашан қоғаммен тікелей араласып жүру керек. Имамның жұмысы әрқашан күрделі. Халық қуанса да, қайғырса да ортақ болады. Сондықтан біздің имамдарымыздың рухани кемел болуы, олардың мінез-құлыққа ие болуы өте маңызды.
Бүгінде облыста 730 мешіт бар. 1000-нан астам азамат дін саласында қызмет етеді. Шеберлік сағатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары мен наиб имамдар өзара пікір алмасып, қоғамды толғандырып отырған мәселені шешу жағын қарастырды. «Біздің облыста 730 мешіт болса, дінге сенуші, ислам дінін ұстанушы адамдар да өте көп. Және қызмет етіп отқан имамдар мешетке келуші азаматтарға дұрыс бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағытында ұйымдастырып отырмыз» - дейді Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Абуов. Имамдар - рухани кемел, білікті тұлға болуға ұмтылуы керек. Сонда ғана қоғам жақсы жақа өзгеріп, көпшіліктің діни сауаты артатын болады. Кездесу соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»