Іс-шара аясында тағамдардан дәм тату, атақты аспазшылардың шеберлік көріністері мен қазақ таңғы асының тұсаукесері ұйымдастырылды. Сондай-ақ, осы іс-шара аясында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аспаздарының қатысуымен шеф-баттл өтті. Қазылар алқасының бағалауы бойынша: бірінші орынды Берик Эгинбаев, екінші орынды Төлеген Шыңғысхан, үшінші орынды Ахмадхан Рахимов иеленді.
Фестивальдің құрметті төрешілері: Трегубенко Александр, Нурпейсова Вероника, Шарипов Шухрат, Жузбакиев Фарид және Кулдашев Ануарбек болды. Қазақстан бойынша көптеген экспедициялар кезінде 150 дәстүрлі қазақ тағамдарының рецептурасын қалпына келтіріп, олардың тағамдық және биологиялық құндылығын зерттеген Этнограф, Әйгерім Мұсағажинова ұлттық тағамдар мен ұлттық қазақ таңғы асының тұсаукесерін жасады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»