Ең алдымен жиынға қатысқан қонақтар қазақтың салт-дәстүрі насихатталған видеороликті тамашалады. Еркін форматта өткен жиынды арнайы аудан әкімі Бақыт Асановтың өзі жүргізіп отырды. Сондай-ақ, көшпелі іс-шараға облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Айнұр Қыдырбаева, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры міндетін уақытша атқарушы Медет Халықов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сейіткерім Мелдехановтар қатысты. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және терроризмге қарсы комиссиялардың іс-әрекеттері алгоритмі негізінде өткен іс-шарада облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы А.Қыдырбаева қазақтың әрбір салт-дәстүрі тұтас бір философиядан құралған тәрбие екенін айтып, бүгінгі жаһандану дәуірінде дәстүрлеріміздің өзгеруі, бұрмалануы қоғамымызға қауіп төндіріп тұрғанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, адамның туылғанынан бастап қайтыс болғанына дейінгі қазақтың дәстүрлерінің әрбіріне жеке тоқталып, оның тәлімдік-тәрбиелік мән-мағынасы туралы баяндады. Жиын барысында сөзге шыққан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры міндетін уақытша атқарушы М.Халықов қазақстандықтардың экстремизм мен терроризмге кіріп кетуінің бірден бір себебі - қазақы тәрбиенің берілмегендігімен байланыстырды. Сондай-ақ, тарихи мысалдарды келтіре отырып Сирияда жүрген қазақстандықтарды құтқаруға арналған «Жусан» операциясының маңыздылығын ашып көрсетті. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Б.Асанов әр атқарған істеріміз тәуелсіз еліміз Қазақстанның жарқын болашағы жолында айрықша орын алып, еліміздің дамуына өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»