Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының екінші фазасы» (ИДЖЖ2) аясында «Мақтаарал 1. Бірінші іске қосу кешені» және «Қапал» ирригациялық және дренаждық жүйелерін жетілдіру» жобасына темір-бетон плиталарын жеткізу «Әкелік Бетон» ЖШС келісім-шарт жасалған. Шарт шеңберінде Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына қарасты 8 мың гектар жерге «Мақтарал 1» ирригациялық және дренаждық жүйесін реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Жобаны жүзеге асыруға комитет тарапынан 10 млрд 86 млн 233 мың 764 теңге қаржы қаралған. Бүгінде тапсырысты уақытылы орындап, бекітілген кестеге сай жүргізу мақсатында 20-ға жуық білікті маман жұмылдырылған.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»