Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.Абдикадиров облыс халқының 54,9 пайызы табиғи газбен қамтылғанын атап өтті. Жыл соңына дейін тағы 90206 тұрғын газдың игілігін көрмек. Ал Түркістан қаласында 42 мың тұрғын газбен қамтылған. 2020 жылдың соңына дейін қала 100 пайыз «көгілдір отынмен» қамтылмақ. Сонымен бірге ол ауыз су, электр, жылу жеткізу бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Түркістан облысында ауыз сумен қамту көрсеткіші қалаларда 96,3 пайыз болса, ауылдарда 75,1 пайызды құраған. Ал Келес ауданында «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысы жүріп жатыр. Ол келесі жылы пайдалануға берілген соң 709 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылмақ. 2019-2022 жылдар аралығында 197 елді мекенге электр беріледі деп жоспарланған. Комиссия төрағасы инфрақұрылым мәселесі әрдайым назарда болуы тиіс екенін, Түркістанды газбен қамту ісін жеделдету керектігін айтты.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев күн тәртібінде айтылған жұмыстардың атқарылуы партия бақылауында болатынын жеткізді. Іске қосылмаған газ құбырлары мен ауыз су нысандарын анықтау үшін партиялық комиссия құрылып, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай және Мақтаарал аудандарын аралауы тиіс екенін айтты. «Іске қосылмаған газ нысандары бойынша депутаттармен бірге атқарушы органдарға және орталыққа партиялық ұсынымдар жолдау қажет. Екіншіден, филиал төрағасы, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевиндустриалды аймақтардың стратегиясын уақыт талабына сай қайта қарауды тапсырған болатын.Қазір 9 аймақтың 3-еуі ғана басымдыққа ие. Қалғандарында тиісті деңгейде жұмыс жүріп жатқан жоқ. Олардың инфрақұрылымына салынған қаржы бекерге кетпей ме? Осы жағы талданып, зерделенуі керек. Кәсіпкерлік басқармасы жанындағы комиссия жұмысына депутаттар мен кәсіпкерлерді барынша тартып, лайықты жобаларды талқылау жұмысына белсенді қатысуы тиіс», - деген Б.Тәжібаев өңірдегі партия комиссияларының жұмысын жандандыру бойынша жұмыстар қолға алынатынын жеткізді.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»