Четверг, 21 Ноябрь 2019 13:51

Түркістан облысы: Шардара ауданындағы үш елдi мекенге ауызсу тартылды

Көксу ауылдық округiне қарасты Айдаркөл қашар, Баспанды және Жоласар елдi мекендерiнде ауызсу торабтары ашылды. 

Аудан әкiмiнің орынбасары Нұрмахан Сапаров және “Шардара коммуналсервис” КММ директоры Құрманғазы Акбаров арнайы барып, жергiлiктi тұрғындармен бiрге ауызсу тораптарының салтанатты ашылуына қатысып, ауыл ақсақалдары мен ауыл әкiмi және жергiлiктi белсендi азаматтармен бiрге ауызсу тораптарының құрылысы мен жұмыс барысын тексерiп шықты. Сонымен қатаржаңадан құрылған ауызсу нысандарында жұмыс iстейтiн қызметкерлерге әрдайым ұқыпты да белсендi болуларын айтты. Ауызсу мәселесi бiршама уақыттан берi проблема болып жүрген бұл елдi мекендердегi тұрғындардың қуанышында шек болмады. Ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын бiлдiрiп, 90 жасты еңсерген ақсақал Әбiтай Пiрмәнов: “Бiздiң кезде жол, су түгiлi жарық жоқ едi. Қазiр олар проблема емес қой. Шағын ғана елдi мекенде тұрсақ та, емхана, жол, жарық проблема емес. Ал ендi, мiне, ауылымызға ауызсуда келдi. Мен мемлекетiмiзге және осыны жасап жатқан барша азаматтарға өз алғысымды айтамын” - деп сөзiн аяқтады. “Шардара коммуналсервис” директоры Құрманғазы Акбаров жұмысын бастаған үш елдi мекендегi ауызсу тораптарын үнемi қадағалуда ұстап, жергiлiктi халыққа уақытысында жеткiзiлiп тұруын қамтамасыз ететiндiгiн айтты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 385 times