Шаянның шырайын кіргізіп тұрған үш жақтама үлкен сағат. Бір жағында Созақ ауданы, екінші жағында Түркістан беткейін, үшінші жағында Шымкент қаласын бағыттайды. Айналасы қоршалып, бір мезгіл жұрт тынығатын орындықтар орнатылды. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары да жүргізілген. Бұл нысанға аудан бюджетінен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда ел игілігіне берілді. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі-саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алды. Оған дәлел, облыс қала және ауданда атқарылып жатқан ірі бастамалар. Ал, мына сағат Шаян ауылдық округі әкімінің аппараты берген арнайы тапсырысы бойынша жасалған нысан, бүгінгі таңда үш жақтама уақытты көрсетіп тұр.
Аймақта қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған монумент салынып біткен. Бұл нысан да Шаян ауылдық округі әкімі аппаратының тапсырысы бойынша іске асып отыр екен. «Бұл нысандар әрине Шаянның шырайын кіргізіп отырған нысанға айналды. Жалпы екі нысан бойынша аудандық бюджеттен 9 млнға жуық қаржы қаралып отыр. Ол бүгінге игеріліп қойды» - дейді «Аманта Груп» ЖШС-нің директоры Нұрдәулет Әбдіраш. Аудандағы тындырымды тірліктер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынды. Алдағы уақытта орталық демалыс алаңы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»