Сондай-ақ, Шардара ауданының қызметкерлері бүгін киелі шаһардағы Жармұхамбетов көшесіне жаңадан аялдама тұрғызып, қоқыс салатын контейнер қойып бергенін де айта кеткен жөн. Сенбілік жұмысына қатысқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбай шардаралықтарға бекітілген көшелердің тазалығы мен онда отырғызылған ағаш дарақтарына лайықты күтім жасауды тиісті мекемелерге тапсырды.
«Жасыл аймақ» ЖШС-інің директоры Бекжігіт Шойбековтің мәлімдеуінше әр апта сайын өтетін сенбілікке 120-140 шардаралық қызметкерлер тартылады. Аудан қызметкерлері өздеріне бекітілген аумаққа осы уақытқа дейін 4000 түп ағаш көшеттерін отырғызған. Бүгінгі өткен сенбілік жұмысында 46 көшеден 50 текшеметрге жуық қоқыс шығарылды.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»