Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағы аумағында өткен шара облыс орталығының тазалығын сақтау, тұрғындарды қоқыс тастамай, экологияны қорғауға үндейді. Сонымен қатар, челлендж қала тұрғындарын өз аулаларын таза ұстауға, сол арқылы экологиялық ахуалды жақсартуға арналғанын да айта кеткен жөн. Экочеллендж интеллектулдық, спорттық, командалық сайыс ретінде ауқымды әрі қызықты қарқынмен өтті.
Қала тұрғындары да ұйымдастырушылармен бірге облыс орталығының тазалығына атсалысты. Олар өз тарапынан тазалық жұмыстарын атқарып қана қоймай, топтық сайыстарға қатысып арнайы сыйлықтарға ие болды. Эко челленджге Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Абуов және 1 шағын ауданының тұрғындары, белсенді жастар қатысты.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»