Жаңа ереже талаптары бойынша 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар барлық көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленеді. Атаулы әлеуметтік көмек 2002 жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл аз қамтылған, табысы төмен отбасыларға арналған көмек. Атаулы әлеуметтік көмек – ақшалай, әлеуметтік бейімдеу, жұмысқа орналастыру, өз бизнесін ұйымдастыруға көмектесу және жұмыспен қамтудың басқада түрлері арқылы отбасының табысын арттыруға бағытталған.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»