«Сенім жүрек» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің жетекшілерімен бірлесе өткізген шара аясында бір топ шенеунік Түркістан қаласындағы қоғамдық орындар мен орталықтарды аралап, қоғамдық көлікке мініп көрді. Аталған бірлестік қоғамда қамкөңіл жандардың тең мүмкіндікте өмір сүруіне бастайтын "Қолжетімді Қазақстан" жобасын ұсынған болатын. Жобаны қолдап, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын түсіну үшін қоларбаға отырған билік басшылары өз кезегінде қолайсыз пандустарды ауыстыруды тапсырды. Мүгедек жандардың кез келген қоғамдық орынға баруына кедергі келтірмейтіндей жағдай жасау керектігін ескертіп, сонымен қатар жаңадан салынып жатқан ғимараттардың барлығында пандустар салып, оның биіктігін тиісті бекітілген талапқа сай келтіруді міндеттеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.