«Әр бала әртүрлі қабілетімен ерекшеленеді. Әр бала дарынды. Осы орайда баланың дарындалығын ары қарай дамыту мақсатында барлық жағдай жасалуы тиіс. Дарынды балалармен жұмыс істейтін ұстаздар олардың жанын түсіне білгенде нәтижесі де көп күттірмейді. Оқушының өзіндік табиғи қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, оқыту үлкен жұмыс. Алдағы уақытта мұндай ерекше балалармен жұмыс істейтін орталықтары көптеп ашу жоспарда бар», – деді орталық жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.
Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі балалардың адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, олардың өмірге деген құштарлық сезімдерін ояту, ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін жетілдіріп, толыққанды азамат дәрежесіне жеткізу мақсатында жұмыс жасайды. Мекеме заманауи үлгідегі арнайы құрылғылармен толық жабдықталған. Қазіргі таңда Төлеби ауданында ерекше оқытуды қажет ететін 1130 бала бар. Түркістан облысы әкімдігінің, «Дара» қайырымдылық қоры мен «Байсат» ЖШС-нің қолдауымен ашылған «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің» жұмысымен танысқан облыс басшылығы мұндай орталықтардың маңыздылығын ерекше атап өтті.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»