Ең алдымен жиынға қатысқан қонақтар деструктивті діни ағымдардың зардабын көрген кейіпкерлер туралы видеороликті тамашалады. «Дәстүрлі құндылықтар керуені» жобасы жерлестеріміздің ұлттық құндылыққа деген ұстанымын бекемдеп, дәстүрлі дінге деген көзқарасын қалыптастыруда зор мүмкіндік берді. Тіпті, аталмыш жоба аудан тұрғындарының арасында дәстүрлі рухани мәдениетті ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттауды өзек ететіні сөөсіз.
Айта кетейік, көшпелі жиын мақтааралдықтарға рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы теріс пиғылды діни ағымдармен қарсы күресудің мәдениетті жолын түсіндірді. Сондай-ақ, рухани санасын жаңғырту, салт-дәстүр, мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай білу және тағылымы мол тарихымызды қастерлеудің құндылығын әрбір азаматқа ұғындырды. «Дін – аса мұқияттылықты, терең зерттеуді, биік сауаттылықты, әсіресе, жан тазалығын қажет етеді. Сондықтан осы қасиеттерді халыққа жеткізіп, жетілдіріп отыру керек. Сонда ғана жұрттың дінге деген сенімі артып, ұстанымына селкеу түспейтін болады деп тарқасты қазығұрттықтар.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»