Среда, 11 Декабрь 2019 18:05

Түркістан облысы: Отырарда бірнеше әлеуметтік нысан салтанатты түрде ашылды

Түркістан облысы, Отырар ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу салтанаты өтті. Шәуілдір ауылындағы аз қамтылған отбасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген тұрғын үйіне барған аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов отбасы мүшелеріне сый-сияпат жасап, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Жаңартылған әрі жылы үйде жүздеріне шаттық ұялаған отбасы мүшелері аудан басшысына ризашылығын білдіріп, алғыс сезімдерін жеткізді. Айта кету керек аталған жұмыстар ауданымыздағы жаны жомарт кәсіпкерлердің демеушілігімен, қайырымды жандардың көмегімен жүргізілген болатын. Мұнан соң аудан әкімі Мыңшұқыр елді мекені, әл-Фараби мөлтекауданындағы екі көп қабатты тұрғын үйлерді салтанатты түрде тапсыру рәсіміне қатысып, еліміздегі айтулы мереке қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, асыраушысынан айырылған, көп балалы отбасыларға беріліп жатқан тұрғын үйге кіріп, шаттыққа кенелген отбасыларды жаңа қонысымен құттықтады.

Одан әрі аудан басшысы демеушілер есебінен салынған «Лесбек» спорт кешені мен «Нұр-Асыл» фитнес орталығының салтанатты ашылуына қатысты. Тәуелсіз еліміздің салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың келешегіне жағдай жасау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асып жатқан игі істердің бастауыекенін айта келе көпшілікті мерекемен құттықтады. Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралар одан әрі аудандық орталық ауруханадағы «Триаж» жүйесін іске қосу рәсіміне жалғасты.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 1064 times