Шара барысында ең алдымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жақсы көңіл күй – жан тыныштығы» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – балаларды қоршаған ортада өзін еркін ұстауға, айналадағы адамдармен қарым-қатынас құруды үйрету. Және тренингтен бөлек балалардың дамуына қарай әртүрлі ойын жаттығулары өткізілді. Жалпы спорттық ойындарға қатысқан барлық 24 балаға спорт бөлімінің ұйымдастыруымен және демеушілігімен бағалы сыйлықтар үлестірілді. Оларды іс-шараға арнайы келген спорт бөлімінің басшысы П.Абиханов және бас маманы Б.Темірәлиев табыстады. Ұйымдастырушылар осындай игі шаралар әлі де өз жалғасын табатынын жеткізді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.