Четверг, 28 Ноябрь 2019 17:15

Түркістандағы үйлерге жылу қайтадан беріле бастады

Түркістан қаласындағы жылусыз қалған көпқабатты тұрғын үйлерге жылу толық берілді. Айта кетейік, жылу құбырынан шыққан ақауға байланысты қаладағы 1 және 2-ші шағынаудандағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалған болатын. 

«Оған шаһардағы жаңадан салынған облыстық перинаталдық орталықтың жылу мекемесінің рұқсатынсыз өз бетінше жылу жүйесін ашып, қосып алғаны себеп болды» — дейді мамандар. Соның салдарынан қазандықтағы су бірден төмендеп кеткен. Су қатты қайнаған кезде бірден қазандықтағы 3 құбырды жарып жіберген.

Оны қалпына келтіріп, ыстық суды қайта жібергенде ортада қалған ауаның әсерінен 1 және 2-ші шағынаудандардағы ішкі жылу құбыры зақымданған. Жалпы, қалпына келтіру жұмыстарына 18 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

«Гидросоққының әсерінен 1, 2-ші шағынаудандағы ішкі жылу құбырларынан екі жерден ақау пайда болып, олар бүгінгі таңға толық қалпына келтіріліп, жалпы Түркістан қаласы бойынша жылу жүйесі қалыпты жағдайға келді. Қазір барлық мекемелер мен әлеуметтік нысандарда жылу толық бар» - дейді Түркістан қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Жарасов.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 369 times