Воскресенье, 01 Июль 2018 07:56

Жол құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Бөгет көшесінің құрылысы (Дамба көшесінің жалғасы)» жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізбек.

Қоғамдық тыңдау 2018 жылдың 20 шілдесі күні Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, №49 үй - Әл-Фараби ауданы әкімшілігінде, сағат 11:00-де басталады. Қоғамдық тыңдаудың құжаттарымен және «Бөгет көшесінің құрылысы (Дамба көшесінің жалғасы)» жұмыс жобасымен мына мекенжайда алдын ала танысуға болады және ұсыныстар қабылданады: Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі №49 үй, №104 кабинет немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасы.

Соңғы жылдары Шымкент қаласының ішкі жолдары жақсарып келеді. Мұны қала тұрғындарының өздері де жиі айтатын болған. Бұған дейін қала әкімімен болатын кездесулерде тұрғындардың көтеретін басты мәселесі осы жол еді. Қала билігінің баса назар аударуының арқасында жыл өткен сайын бұл мәселе жылдам шешіліп келе жатыр.

Шымкенттегі жолдардың жалпы ұзындығы 2882 километрді құрайды екен. Бұған дейін оның 334 километрінің жағдайы нашар болатын. Ұзақ жылдар бойы топырақ жолды көшелердің тұрғындары жаңбырлы күндері аяқтары батпақ пен судан былғанып, жаздыгүні шаңға тұншығып жүретін. Биылдан бастап осы жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіле бастаған.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Read 1209 times