Шымкенттегі «Аутрич» бөлімі 3500 отбасыға көмек көрсеткен

Шымкенттегі барлық аудандарда «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Ж. Қалтаев айтып, 2019 жылғы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Шымкентте 3 мың көпбалалы ана кәсіби біліктілігін арттырған

Шымкентте «Отбасы жарасымдылығы »жобасы негізінде үш мың көпбалалы ана кәсіби біліктілігін арттырды. Олар аспаз, тігінші шаштараз және тағы басқа мамандық иесі атанған. Тіпті кейбірі өз бизнесін ашып үлгерген. Бұл туралы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының есебінде айтылды.

Шымкентте студент жастар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды

6 команда арасындағы ойын өте тартысты өтті. Сайысқа қалалық Жастар ресурстық орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау институты ұйытқы болды. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, есірткі бизнесіне күрес, жастардың дене белсенділігіне қолдау көрсету -сайыстың негізгі мақсаты. 

Шымкентте «Әділет кеңес береді» атты акция өтті

Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» атты акция өтті. Шара барысында заңгерлер азаматтардың жеке мәселелері бойынша тегін кеңес берді. Әділет департаментінің ұжымы осылайша қала тұрғындарына құқықытық көмек көрсетті.

Шымкентте «Отбасы кеңесі» пилоттық жобасы іске асырылуда

Шымкентте Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма жанында «Отбасы кеңесі» пилоттық режимде жұмыс істеуде. Аптаның әр сейсенбі күнінде бас қосатын «Отбасы кеңесі» – ажырасуға арыз берген азаматтармен бетпе-бет сөйлесіп, отбасының бұзылуына әсер еткен факторларды талдап, өзекті мәселелермен жұмыс істейді.

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәжілісі өтті. Мәжіліске шаһар басшысы Ерлан Айтаханов пен құқық қорғау органдарының өкілдері және әкімдіктің басқарма басшылары қатысты.

Шымкент: орта білім беру саласын цифрландыру бойынша мәжіліс өтті

Бүгін Шымкентте «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде орта білім беру саласын цифрландыру жұмыстары бойынша қала әкімі Е.Айтахановтың қатысуымен мәжіліс өтті. Жиынға «Инновациялық Интелектуалдық Технология Академиясы» ЖШС-нің бас директоры Н.Құдайберген мен қаладағы бірқатар мектептердің директорлары және ұстаздар қауымы қатысты.

Шымкенттік жастарға баспана беру тәртібі жарияланды

Жастарға берілетін жалдамалы пәтерлерді алу үшін қандай құжаттар тапсыру керектігі жөніндегісауалдарға Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев  «Ақпараттық — коммуникациялық орталығында» өткен баспасөз брифингінде жауап берді.