Түркістан облысы: Арыстағы 65 адам емханадан үйлеріне оралды
Бүгін №4 сектор штабында Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша брифинг болды. Оған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-минстрі Қайырбек Өскенбаев, облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков, Қорғаныс минстрлігінің өкілі Қайыргелді Хусайнов, Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай қатысты.