Вторник, 02 Июль 2019 09:12

Түркістан облысы: Жетісайда 490 түлек ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл жинаған

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-ның қорытындысы шықты. 22 -26 маусым күндері аралығында үш  легте өкізілен тестілеуге 1701 түлек қатысқан болатын. Шәкіттердің ҰБТ-ға қатысу пайызы  67,7 пайызды құраса, орташа балл 79,7 пайызға жетті.  490 түлек 100-ден жоғары балл жинаса, ең жоғары балл 139-ды құрады.

Нақтырақ айтсақ, №6 Б. Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының  2 түлегі Гүлжайна Бейсенбай мен Әсел Жүнісбекова  ең жоғарғы 139 балл  жинады.  Бұдан бөлек, 151 шәкірт 120-дан жоғары,  339 оқушы 100-119 аралығында,  736 түлек 60 пен 99 аралығында балл жинаған. Нәтижесінде оқушылардың ҰБТ-ға қатысу көрсеткіші 65,07 пайызды құрап, өткен жылға қарағанда 2,87 пайызға өскен.

Айта кетейік, жалпы биыл Жетісай ауданындағы 70 мектепті 2626  түлек бітірді. Олардың 1709-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірсе, 1701 талапкер қатысты. Ал 8 оқушы ҰБТ-ға қатысудан өз еркімен бас тартқан.ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы  №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидасына  сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өткізілді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 827 times