Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Үкімет Түркістанды барынша дамытатын 5 қаулы қабылдады»

Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Алқалы жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірді дамыту бағытындағы жоспарлары мен атқарылатын жұмыстары жөнінде баяндады. 

Түркістан облысы: «Ұлы даланың Түркістаны» фотоэкспедициясы басталды

Бүгін Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция басталды. Мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау. 

Түркістан облысы: Мақтааралдық шаруалар қоза баптаудың технологиялары бойынша тәжірибе алмасты

Еліміздегі«ақ алтынның» отаны саналатын Мақтаарал ауданында жалпы көлемі 61 мың гектарға жуық жер бар болса, биыл соның 38 мың гектардан асасына мақта дақылы егілген. Шаруалардың зиянкестерге төтеп беруін және агротехникалық шараларды дұрыс жүргізуін ұйымдастырып, күзде мол өнім жинауына жағдай жасау — аудан әкімдігінің басты міндеті. Міне, бүгін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен дәл осы мақсатта семинар-кеңес өтті. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында «Жолың болсын, жас түлек» атты мерекелік шара өтті

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына және «2019жыл – Жастар жылы» аясында аудан әкімінің мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Жолың болсын, жас түлек» атты мерекелік шарасына 5 мыңнан астам адам қатысты. Салтанатты шарада сөз алған аудан басшысы Жамантай Бейсенбаев мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін алғыс хатпен марапаттады. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

Бүгін Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Мұрат Қадырбек 2018-2019 оқу жылында республикалық, облыстық олимпиадаларда, конкурстар мен ғылыми жоба жарыстарында жетістікке жеткен «Алтын белгі» иегерлерін қабылдады. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы бұзылған көпір жөнделіп, ел игілігіне қайта тапсырылды

Осыдан екі апта бұрын Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Жылысу ауыл округіне қарасты Кәрімата елдімекенінің тұрғындары ауылдарына кіре берістегі үлкен көпірдің құлайын деп тұрғанын айтып, аудан әкімдігіне шағымданған болатын. 

Алик Шпекбаев Түркістан облыс әкімдігі жанынан құрылған Жобалық кеңсенің жұмысымен танысты

Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облыс әкімдігі жанынан құрылған Жобалық кеңсенің жұмысымен танысты. 

Алик Шпекбаев қалалық көші-қон қызметтер орталығының жұмысымен танысты

Түркістан қаласына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа қалалық көші-қон қызметтер орталығының жұмысы таныстырылды.