Түркістанда «Қала күні» мерекесі аталып өтті

Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы қаланың облыс орталығы мәртебесін алуымен, тарихи шаһар жаңа сипатта дами түскенін айрықша атап өтті.

Түркістан қаласында бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қала күні» мерекесінің қарсаңында «RIXOS KHADISHA TURKESTAN» бес жұлдызды қонақ үйінің капсуласын салу рәсіміне қатысты. Онда қонақ үй кешенін жобасымен танысып, құрылыс жұмыстарын салтанатты жағдайда бастап берді. Жиында барысында аймақ басшысы атқарылып жатқан бұл шаралар - Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени астанасы етудің алғы шарты екенін атап өтті.

Түркістанда фронт-офис ашылды

Түркістан қаласында экономикалық соттың жанынан фронт-офис ашылды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бастаманың мақсаты - халыққа сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету. Жаңадан жұмысын бастаған нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қызмет көрсету орталығын аралап көрді.

Түркістандағы ғимараттар ұлттық нақышта бой көтеретін болады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі бірқатар сәулетшілермен кездесті. Басқосуда облыс орталығын дамыту жайы жан-жақты талқыланды. Жиын барысында аймақ басшысы Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу конкурсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында биыл 16 мың тұрғын жұмыспен қамтылған

Төлеби ауданы халықты жұмыспен қамту саласында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Жыл басынан бері жұмыспен қамтылғандар саны 16 мыңнан асқан. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны да арта түскен. Осы мәселелер таяуда Төлеби ауданыны Елбасы Жолдауын насихаттауға келген арнайы топпен кездесуде әңгіме арқауы болды.

Шардараға респбуликалық ақпараттық-насихаттық топ келіп кетті

Шардара ауданына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша республикалық ақпаратық-насихаттық топтың мүшелері, ҚР Энергетика министрлігі Әкімшілік жұмысы департаментінің директоры Өмірсерік Әшімбев пен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков келіп, қаладағы «Абай» Мәдениет сарайында тұрғындармен кездесу өткізді.

Шардарада дзюдо күресінен халықаралық турнир өтті

Түркістан облысы Шардара қаласында дзюдо күресінен КСРО спорт шебері, 1980 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы Рысбай Төлеевті еске алуға арналған ХI халықаралық турнир өтті. Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірлері мен көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 25-ке жуық команда қатысып, өзара мықтыларды анықтады.

Парламент Мәжілісінің депутаты Ә.Бектұрғанов отырарлықтармен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы қазан айында жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатынның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнған Жолдауы жер-жерлерде талқыланып жатқаны белгілі. Осы мақсатпен Отырар ауданына арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов аудан тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауында айтылған басты бағыттар жайында кеңінен сөз етті. 

Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кезектен тыс XXХIV конференциясы өтті

Бүгін Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылының мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кезектен тыс XXХIV конференциясы өтті. Конференцияның жұмысына Түлкібас ауданы әкімі, аудандық партия филиалының төрағасыНұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков, аудандық мәслихат хатшысы Сәдуахас Балтабайұлы Сейсенбаев, аудандық маслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері, ардагерлер кеңесінің өкілдері, атқарушы және өкілетті билік пен мемлекеттік мекемелердің басшылары, партияның «Жас Отан» Жастар Қанаты мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: Атакент кентіне жаңа басшы тағайындалды

Қазанның 16-сында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов кент активіне Атакенттің жаңа басшысын таныстырды. Сайлаудан жеңіп шыққан Сламхан Азимов аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес, міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Атакент кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.